Құлпынайдың денсаулыққа пайдасы

452-1476213577-b92702f16c.jpg

Міне, көптен күткен құлпынай маусымы да басталып кетті. Осы кезеңді пайдаланып осы бір ерекше жидектің арқасында ағзаға біраз пайда әкелсек болады. Себебі, құлпынайдың ағзаға тигізер оң әсері өте көп. Оның құрамында С дәрумені, кальций, калий және магний бар. Құлпынайда  антиоксиданттар көп болғандықтан, созылмалы аурулармен қабынулардың қаупін төмендетеді.

 Құлпынай салмақ тастау үшін өте қолайлы болып табылады, зат алмасуды арттырады, тәбетті төмендетеді және қандағы қант деңгейін бақылайды. Бір шыныаяқ құлпынайда 49 калория бар.

 Құлпынайды 8-10 күн қатарынан жеп жүру жүрек аурулары қаупін және қан қысымын төмендетуге пайдалы. Сондай-ақ жадты жақсартып, қатерлі ісік қаупін азайтады. Сонымен қатар, құлпынай тістерді тазартудағы үздік құралдардың бірі болып табылады.

 Құлпынай, жоғары қан қысымы, іштің қатуы (запор), анемия, өт қабының және бүйрек ауруларында өте пайдалы. Сонымен қатар, құлпынайды көптеген ауруларға қарсы тиімді пайдалануға болады.

 Құлпынай көптеген ауруларға ем бола алады. Мысалы: жүрек аурулары, көз аурулары, буын аурулары, қан қысымы, миға да өте пайдалы. Сіз күнделікті құлпынай жеу арқылы көптеген ауруларыңыздан айыға аласыз. Қазір, яғни, мамыр айының ортасы -  құлпынайдың нағыз пісіп жетілен кезі. Осыны пайдаланып, құлпынайды күнделікті жеп немесе құлпынай диетасын ұстай отырып, дертіңізге шипа таба аласыз.

 

 

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: