1. Азық-түлік туралы ең көп таралған жалған аңыздың бірі − «қымбат өнім арзанына қарағанда сапалырақ» деген пікір. Маркетологтарда тіпті «жайлылық бағасы» деген ұғым бар. Егер белгілі бір өнімнің өз бағасы нарықта ұсынылып отырған дәл осындай тауарлардың бағасымен салыстырғанда тым арзан болса, оның өтімділік деңгейі төмен болуы мүмкін. Себебі, тұтынушылардың көбісі 30 теңге тұратын сүтті тым арзан бағасынан күдіктенгендіктен сатып алмайды. Бірақ қымбат тауар сапалы болып келеді деген тұжырым әрқашан дұрыс деп айтуға келмейді. Кейбір тауар үшін артық төлеудің қажеті жоқ. Мысалы, орамадағы күріш немесе қарақұмық секілді дәнді дақылдардың бағасы 120 бен 500 теңге аралығында болуы мүмкін. Алайда 500 теңге тұратын күріш пен 120 теңге тұратын күріштің сапасы бірдей болуы да ғажап емес. Сол себепті, қаптаманың сәнді дизайнына емес, орамада ұсақ бөлшектер мен қоқым-қоқысы көп болмауына мән беріңіз. Тауардың сапалылығы оның бағысынан тәуелді емес екенін дәлелдейтін тағы бір мысал − сүт. Дүкен сөрелерінен майлылығы орташа бір литр сүттің бағасы 80-400 теңге. Көп жағдайда өнімнің бағасы брендтің танымалдылығына байланысты. Егер сіз сапалы сүт алғыңыз келсе, оның бағасынан гөрі құрамына мән беріңіз. Сапалы сүттің құрамында ең аз дегенде 3,2% ақуыз болу қажет, егер оның көрсеткіштері бұдан төмен болса, тауар қанша қымбат тұрса да сапасыз дегенді білдіреді.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/32606/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
2. Тағы бір жалған аңыздардың бірі әдеттегіден көбірек пайдалы деп саналатын «био» және «эко» өнімдер туралы. Бұл өнімдерді өндіру үшін әдеттегіден көбірек уақыт және күш керек. Сол себепті де қымбат болуы тиіс секілді. Біз оларды минералды препараттар мен тыңайтқыштар, пестицидтер секілді зиянды қоспаларды қолданбай өндірілген деп ойлаймыз. Шын мәнінде, «био» және «эко» сөздері ТМД елдері өнімдерінде басқаша мағынаға ие. Ол өнімнің пробиотикалық микроорганизмдер сияқты қосымша компоненттермен байытылғанын білдіреді. Егер сіз химикаттарды қолданбай, тек қана табиғи тыңайтқыштар қолдана отырып өндірілген тауарды сатып алғыңыз келсе, орамадан «ORGANIC» белгішесін іздеңіз.
3. Тұтынушылардың көпшілігі жаңа піскен жемістер мен көкөністерде мұздатылғанына қарағанда дәрумендер әлдеқайда көбірек болады деп ойлайды. Олардың ойынша мұздату кезінде пайдалы биологиялық белсенді заттардың көбісі жойылып кетеді. Алайда зертханаларда жасалған зерттеулер бұл пікірді теріске шығарды. Жеміс-жидектер бірнеше рет мұздатылып, ерітілмесе және де дұрыс орамада сақталса, мұздатылған жемістер мен көкөністер жаңа піскендерінен артық болмаса кем емес.
4. Жеңіл алкогольді сусындар арақ секілді аса зиян емес. Бұл жасөспірімдер мен сатушылардың сенетін ертегілерінің бірі ғана. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай коктейльдер тұтынушыларда баяу болса да, күшті тәуелділік туғызатындықтан, бренди немесе араққа қарағанда қауіптірек болмаса, зияны аз емес. Көптеген алкогольге тәуелді адамдар сыра, шарап, аққайнар секілді жеңіл алкогольді сусындардан бастайтыны белгілі. Бұл сусындардың тұтынушысы алкогольге денесін әдеттенгендірумен қатар өз денсаулығын түрлі хош иістендіргіш, бояғыш және консервант секілді зиянды заттармен улайды.
Қорыта келе, азық-түліктер туралы жалған аңыздарға көптеген адам әлі күнге дейін сенеді. Өйткені бұл өндірушілер мен сатушыларға тиімді. Сол себепті тауардың бағасына емес, сапасына көп мән беріңіз. Себебі сіздің денсаулығыңыз сіз тұтынатын азық-түлік сапасына байланысты екені айдан анық!
Дереккөз : anabol.kz