Қарапайым микротолқынды пештің біз білмейтін сырлары-2

448-1476212994-c7aa951a6c.jpg

Микротолқынды пештің көмегімен омлет әзірлеп, жүгері пісіруге болатынын білесіз бе? Бір қызығы, мұнда қытырлақ картоп дайныдауға да болады екен. Дегенмен, оның берер мүмкіндіктері жайлы ойланбаған болуыңыз да керек, десе де, anabol.kz сайты микротолқынды пештің біз білмейтін сырлары жөнінде егжей- тегжейлі түсіндіріп береді.

Қызықтан құр қалмаңыз!

 

Көкөніс пен жемістерді қабығынан тез аршуға болады

Қызанақ немесе шабдалыны 30 секундқа микротолқынды пешке қойып алсаңыз, қабығы тез аршылады.

 

Конверттің белгісі оңай  алынады

Бар керегі белгіге  кішкене су сеуіп алып, конвертті 20-30 секунд микротолқынды пеште қыздырып аламыз.

 

Көзді ашытпай пияз турау

Пиязды шетін турап алып тастаңыз да 30 секундай микротолқынды пешке қоя  тұрыңыз. Енді еш алаңсыз турай беріңіз, көзіңіз ашымайтын болады.

 

Балды еріту

Балда қант шөгіп қалған кезде бал тұрған банканың қақпағын ашып қойып, пеште 2 минут ерітіп алсаңыз, қайтадан сұйық қалпына келеді.

 

Балық пісіре аласыз

Микротолқынды пеште балық әзірлеу оңай емес, дегенмен, біз бен сіз білмейтін бірнеше құпиясы бар. Біріншіден, балықтың жақысылап кебуін қадағалаңыз. Екіншіден, балықты бірдей формада бөліп алу керек. Үшіншіден, толық пісуіне аз уақыт қалғанда балықты ала беріңіз, кейін осы қалпында әзір  болып шығады.

 

Жұмытрқа пісіріңіз

Қайнаған суды ыдысқа құйып микротолқынды пешке қойып, кішкене сірке суын қосып, жұмыртқаны ыдысқа жарыңыз. Сарысын тісшұқығышпен сәл қозғап, ыдысты жылтыр қағазбен жауып қоясыз. Пеште 30 секунд бір қыздырып алып,кейін жұмыртқаны айналдырыңыз да 20 секунд тағы қыздырыңыз. Ас болсын!

 

Үйдегі аңқыған иіс

Жаңғақ және дәмдеуіштерді микротолқынды пеште қурыңыз. Қақпағын ашқанда, исі аңқып бар бөлмені алады.

 

Микротолқынды пешті тазалау

Егер қасыңызда сірке суы болмаса, бірнеше қағаз майлықты сулап 5 минуттай микротолқынды пеште қыздырып алыңыз. Қағаз дымқылы пештің ішін буландырады. Ал майлық суыған кезде ішінің бар кірін тазалап сүртіп шығасыз.

 

3 минутта омлет әзірлеңіз!

Таңғы астың  тез дайын болғанын қалайсыз ба? Бір ыдысқа бірнеше жұмыртқаны сыр мен сүт қосып  араластырыңыз. Тұз, бұрышын сеуіп пешке қойыңыз.

 

Қытырлақ картоп дайындаңыз

Әрине, микротолқынды пештің қытырлақ картоп жұмсарып кетсе қалпына келтіретіні тамаша әдісі болғаны бәрімізді қуантады, ал сонымен қатар, онда қытырлақ картоп әзірлеуге болатынын білесіз бе? Бұл процестегі ең қиыны картопты жіңішкертіп турау қажет болады. Кейін тарелкаға салып, микротолқынды пеште 3 минут қыздырып алыңыз, арасында арластырып тұруды ұмытпаңыз.

 

Жүгері пісіріңіз

Піспеген жүгеріні бірнеше минутқа пешке қойып алсаңыз, қабығы түсіп, пісіп шығады. Ал жүгеріңіз жұмсарып, тәтті болады.

 

Іске сәт! Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз!


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: