Армандар орындалу үшін жаныңда ертекші емес,сыйқыршы болуы керек

1537272283_45.jpg

1. Адамға шынайы қуаныш сыйлайтын нәрсе – саяхат. Мақсат емес.

2. Өмірде бар-жоғы үш қана ереже бар — парадокс, юмор және өзгеріс. Парадокс. Өмір деген құпия. Өмірді танимын деп уақытты зая жоғалтпа. Әзіл. Әзілді түсіне білу керек. Әсіресе, өзіңе күле білу аса маңызды. Бұл деген жігердің қайнар бұлағы. Өзгеріс. Ештеңе де мәңгілік емес. Ескеріп жүр.

3. Өлім соншалықты қайғылы емес. Өмір қайғысы деген кей адамдардың мүлде өмір сүрмеуі.

4. Артық деген өлшем болмайды. Сен өзгеден асып кетпейсің. Ешкімнен кем болып қалмайсың. Ешқашан.

5. Әдет деген өзгеше бір түйткіл. Адамға ең керегі ойланып таңдау мен қолмен жасағанын мойнымен көтеру.

6. Білім деген даналық емес. Даналық деген білімді кәдеге жарату.

7. Барлық жамандық атаулының жауы ақша емес, қорқыныш.

8. Жақсы көру мүмкін емес адамдар шынайы махаббатқа аса зәру.

9. Адам тану – саналының ісі. Өзін тану – парасаттылық. Өзгені жеңген – күшті. Өзін жеңе білген – ұлы. © Лао-цзы

10. "Бір көрген адамның бәріне шын ниетіңмен жақсылық тілеуге дағдылан". @Антоний Сурожский

11. Жақсы аяқта бір күні сүрінер, тәкәппар адамның да арқасы бүгілер, қарасақал ағарар, бұйра бас таз болар, әдемі әлпетті де әжім басар, тұнық жанар да тұманытар, тек ақ жүрек қана ай мен күн сияқты, айдан гөрі күн секілді жарқырап тұрады, өйткені ол күн іспетті өзінің ақ жолынан еш таймайды. @Уильям Шекспир

12. "Әйел... тіпті қарадан шықса да хан қызына бергісіз болуға, ал тектінің қызы қарабайыр күңге айналуы ғажап емес... бәрі де сүйген азаматының оған деген қарым-қатынасына тәуелді!" @Анна Герман

13. Жұрттың бәріне жәй көзбен қарасам, саған тек жүрек көзіммен қараймын. @Сүйген жүрек

14. Байлар екі түрлі болады. Бірі бай әйелге үйленіп байыса, екіншілері байлықтың арқасында әйел алады.

15. Армандар орындалу үшін жаныңда ертекші емес, сыйқыршы болуы керек.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: