Арман Қоңырбаев: Махаббат таңдау емес, махаббат бұл тағдыр

1442289555c4pwr.jpg

Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев Instagramпарақшасында астарлы мағынасы бар жазба қалдырған. Жары Аша Матаймен ажырасты деген қауесеттердің белең алуына байланысты бұл жазба оқырманның назарын аудартпай қоймады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ


Арман Қоңырбаев Instagram парақшасындағы суреттің астына “сау бол!” дегендей қол бұлғап тұрған эмоджиді қойып, жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Оған қоса “Махаббат – таңдау емес, махаббат – бұл тағдыр” деген атақты қанатты сөзді жазып қалдырған.

Соңғы кездері Арман мен Ашаның ара-қатынасының дұрыс емес екенін аңғарған желі қолданушылары бұл жазбаның жұлдызды жұбайына арналғанын сөз етті. Айта кетейік, Арман көп ұзамай аталған жазбаны өшіріп тастаған. Әншінің бұл қылығы оқырманды одан сайын ойландырып қойды.


Жұлдызды жұптың ажырасуы жайлы қауесеттер ерлі-зайыптылардың Instagram желісінде бір-бірін өшіріп тастап, бірге түскен суреттерін жүктемей кеткеннен кейін тараған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: