Кентал көрерменнің алдында қарабет болды

143608708704y2q.jpg

Елімізге белгілі отандық “Жұлдызды жекпе-жек” бағдарламасында тағы да жанжал шықты. Кентал әріптесінің әнін орындап шығамын деп күлкіге қалып, масқара болды. Бұл туралы juldyz-alem.kz хабарлайды.


Жобада Серікбол Сайлаубектің “Ой, жеңге” әнін орындауға тиіс болған әнші, Серікболға пародия салып кеткенге ұқсады.

Ән басталғаннан қағазға қарап мәтінін оқып тұрып орындағаны былай тұрсын , ортасында тіпті ауытқып, әлдекімдердің ырғағына салып сарапшылардың ашуына тиіп кетті. Оның оғаш қылығын тыңдармандар да түсінбегенге ұқсайды. Әншінің өзіне сөз кезегі келген кезде, “Ласковый май” әні сияқты орындадым, сосын Серікболдың даусын салдым”-деді міз бақпастан. 


Әділ қазылар мазаққа айналған орындауды сынап тастаса, көрермендер мен желі қолданушылары Кенталдың даусының жоқ екенін айтып жерден алып жерге салуда. “Киелі сахнаны қорлады, Менің дауысым айналайын ғой мынаның қасында” деген пікірлерден көз сүрінеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: