Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып МЫРЗАЛИЕВ Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған.
АҚШ-та білім алған. Алматы қаласы әкімдігінде, Премьер-министрдің кеңсесінде, Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржылық корпорациясында істеген. Премьер-министрдің кеңесшісі болып қызмет еткен. Соңғы қызметі Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
Әзірге жаңа орынбасардың қай салаларға бақылау жасайтыны белгісіз.