Шымкенттегі №54 орта мектеп оқушыларының жаппай улану себебі анықталды. Мұны бүгін Үкімет отырысынан кейін еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
-Оқиға орнында жүргізілген тексеру жұмыстары барысында балалардың бас айналу, құсу және қысқа уақытта естен тану белгілерімен ауруханаға түскен. Барлығы да ауырлықтың жеңіл деңгейімен түскен. Бастапқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін детоксикациялық терапия жүргізіліп, бас ауруы дәрімен жаздырылды. Қатты алаңдаған ата-аналармен психологиялық жұмыстар жүргізілді. Бұл жағдайға мектептен 600 метр қашықтықта орналасқан тарату стансасынан табиғи газдың шығуы себеп болған. Шымкенттің газ қызметі газдың таралуын дер кезінде жойды. Сараптама орталығымыздың мамандары стансаның және мектептің аумағында зиянды заттардың болуына бақылау зерттеу жүргізді. Зиянды зат табылған жоқ», - деді Жандарбек Бекшин.
Ал бүгін «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі аталған мектеп оқушыларының табиғи газдан улануы мүмкін емес деген ақпарат таратқан болатын. Мамандар газ тарату қондырғысының білім ғимаратынан 600 метр қашықтықта орналасқанын, мұншама қашықтыққа ауадан жеңіл метанның баруы мүмкін еместігін алға тартқан еді. Сонда кімге сенеміз?
Фото: otyrar.kz