Асқар Мырзахметов жаңа орынбасарын тағайындады

Screenshot_3.jpg

Жамбыл облысы әкімінің 19 сәуірдегі №64 Ж/Қ бұйрығымен Календеров Нұржан Сәбитұлы облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жаңа орынбасарын өңір басшысы Асқар Мырзаxметов облыс активімен өткен жиында таныстырды.
Өз сөзінде облыс әкімі Нұржан Сәбитұлының мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі мен біліктілігін айта келе, жаңа қызметте де өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында аянбай еңбек ететініне сенімін білдірді.
Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған. Білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Өз еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған. Әр жылдары «Шың» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тараз қалалық бөлімшесінің аға маманы, Жамбыл облыстық филиалының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаментінің бөлім бастығы, директор орынбасары, директоры, Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2017 жылғы наурыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, Нұржан Сәбитұлы ендігі жерде индустриалды-инновациялық дамыту, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм, еңбекті қорғау салаларына жетекшілік жасайтын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: