Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысы, Қордай ауданында жол апатынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
«Мәжіліс депутаттары және өз атымнан Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Адамдарды бақиға аттандырған қайғылы оқиғаға қабырғамыз қайысып отыр. Орны толмас қайғыға ортақпыз», - деді Мәжіліс төрағасы.
Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин жол апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектес екенін айтты.