«Ер екі сөйлемейді» деуші еді, Мамытбеков мырза!

Screenshot_7.jpg     

Бүгінде  ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков БАҚ бетінен түспей тұр. Астана күні мерекесінен кейін елордада «өлі тыныштық» орнағандай болған-ды. Елбасы қысқа мерзімде демалысқа шыққан, ал депутаттар каникулда. Үкімет басшысы өңірлерді суыт та «секретно» аралап, оңтүстікте түстеніп, Қостанайда кешкі асып ішіп ат үстінен түспей жүргені болмаса командасы  көз шырымын алған қойшыдай күй кешкен-ді. Осындай кезде жұрттың назары екі мәселеге ауды. Бірі қазір барлық басқосуда алдымен ауызға алынатын Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы болса, екіншісі астық мәселесі еді.

Егіннің жайынан «Рейтингтің» өткен санында хабар бергенбіз. Нанның қымбаттамайтынын да ауыл шаруашылық министрлігінің лауазымды қызметкерлерінің мәлімдемесіне сүйене отырып, жария еткен едік. Алайда, Үкіметтің сейсенбідегі селекторлық кеңесінде Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидулла Әбдрахимов еліміздің төрт облысында ұн мен нан бағасы негізсіз көтерілгенін  мәлім етті.

Агенттік Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Астана қаласында ұн мен нан бағасының көтерілуін тіркеген. Баға, әсіресе Павлодар облысында нанға, ал Батыс Қазақстан облысында ұнға күрт өскен. Ғ.Әбдрахимовтың айтуыншка, қазіргі уақытта құзырлы ведомство бір бөлке нанның бағасын 41-ден 47-і теңгеге көтерген Павлодар нан комбинатына қатысты тергеу амалдары жүргізіп, істі аталған компанияға айыппұл салу қолдаухатымен сотқа жолдапты. Сондай-ақ, агенттік Батыс Қазақстан облысында ұнның бағасын көтерген үш компанияға қатысты тергеу амалдарын жүргізуде екен. Агенттік басшысы. Ғ.Әбдіра¬химов аймақ басшылары да құр қарап отырмаулары керек деп санайды. Оның ұсынысымен барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі өңірлік штаб¬тардың жұмысын күшейту және азық-түлікті қажетті ауқымда резервтеуді қам¬тамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ,  Экономикалық даму және сауда министр¬лігіне, облыстардың және қос республи¬калық маңыздағы қала әкімдік¬те¬рімен бірлесіп, сауда қызметін реттеу ту¬ралы заңына сәйкес, әлеуметтік маңыз¬ды тауарлардың «табалдырықтық баға¬сының» сақталуын бақылауды күшейту туралы тапсырма берілді. Аталған заңға сәйкес, халықтың негізгі тамағы санала¬тын азық-түлік түрлерінің ең жоғарғы бағасын мемлекет белгілейді. Бөлшек сауда бағаларының ол шектен асып кетпеуі қадағаланады. 

Ал, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков 1 тамызға дейін министрлік, «ҚазАгро» холдингі, Бидай өңдеушілер одағы, барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арасында ұн комбинаттарына 1,3 миллион тонна бидай жеткізуді қарастыратын меморандумдар бекітілетінін мәлім етті. Министрдің айтуынша, бұл астық құны тоннасына 28 мың теңге болып бекуіне және осы баға нанның құнын қазіргі деңгейде ұстап қалуға мүмкіндік береді екен. Дегенмен, министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында қазірден бастап, шаралар қол¬данылмаса, астық құнының өсуіне орай нан бағасы да қымбаттауы мүмкін екенін жасырмады. Сондықтан барлық өңірлерге бекітілген, өзгермейтін бағамен астық жіберілмек. «Селекторлық режимде өткен кеңесте барлық облыстардың әкімдері «егер бидайды бекітілген бағамен жіберу мәселесі шешілсе, өздерінің нан бағасын ұстап қалатындарына» сендірді. Ал ауыл шаруашылық министрлігіне астық нарығында қандай жағдай қалыптасса да, тіпті егер оның ішкі нарықтағы құны 300 долларға жетсе де, одан асса да, бидайды тек бекітілген бағамен жіберу жүктеліп отыр»,-- дейді министр.

«Рейтинг» газетінде таяуда ғана Ауыл шаруашылық министрлігінің наның бағасы өспейді деп сендіріп сөйлеген ресми мәлімдесі жайлы кеңінен әңгіме қозғаған-ақ едік. Енді міне, артына нанның қымбаттауы басталғаны туралы әңгіме бұрқ ете қалды. Министр Асылжан Мамытбековтың сөзіне сенсек  бағаны өсірмей бақылауда ұстауға болатын сияқты. Бұл жолы қалай болар екен? Атам қазақ «Ер екі сөйлемейді..» деуші еді, Мамытбеков мырза! Ал Сіз...

Мұрағаттан, 02.08.2012 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: