Нұржан Керменбаев «Жебе» тобының жігіттерімен келісе алмай, грим жасайтын бөлмеде бір-бірінің жағасына жармасты. Ерегестің себебін өздері де сан-саққа жүгіртеді. Бірі Нұржанның әріптесі Салтанат Бақаеваға қатысты қызғаныштан туындады десе, енді бірі Нұржанның «өзін жұлдыз сезініп, менсінбеушілік байқатып, көкірек көтеруін» себеп етеді. Ал Салтанат болса жігіттердің жұдырықтасуына өзі себеп болатындай олармен арада ешқандай сезімнің жоқтығын жасырмады.
oinet.kz мұрағатынан