Әлем халықтары тойлайтын бірден-бір мереке – Жаңа жыл екені даусыз. Мағынасы бір болғанымен, әр елде ескі жылды шығарып салу мен жаңа жылды күтіп алудың өзгешеліктері аз емес.
Италияда Жаңа жыл мейрамы 6-шы қаңтар күні басталады. Ырымдарға сәйкес, бұл сиқырлы түні сыпырғышта мейiрбан пері Бефана ұшып келетін көрінеді. Ол кiшкентай алтын кiлтімен есiктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге кiрiп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен толтырады. Ал, жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдiң шөкiмiн немесе ұсақ көмiр тастап кетедi.
Итальяндық Аяз бабаның есімі - Баббо Наталь. Онда жаңа жылды ескінің барлығынан босап, жаңа жылды жаңамен қарсы алу деген ырым бар. Сол себепті, жаңа жыл қарсаңында итальяндықтар өз терезелерінен ескi-құтқандарды лақтырады. Бұл салт итальяндықтарға өте ұнайды. Ырымға сәйкес босатылған ескі-құсқының орны, мiндеттi түрде жаңамен толтырылады деп болжанады.
Шотландияда Жаңа жыл мерекесін "Хогмани" деп атайды. Көшелерде мерекені Роберт Бернстің сөздеріне жазылған өлеңмен қарсы алады. Жаңа жыл түні дәстүр бойынша бөшкелерге қарамай жағып, көшелерді аралатады. Сөйтіп, Ескі жылды «жағып», Жаңа жылды шақырады. Шотландықтар жаңа жылда үйлеріне кім бірінші болып кірсе, келесі жыл бойына отбасыдағы сәттілік пен сәтсіздік соған байланысты деп есептейді. Олардың пікірінше, үйге сыйлық алып келген қара шашты еркек үлкен сәттілік те алып келеді. Бұл дәстүр "ферст футинг" деп аталады..
Франция Аяз атасы - Пер Ноэль – жаңа жыл түнінде келіп, балалардың аяқ киімдеріне сыйлықтар қалдырады. Кімге боб түріндегі жаңа жылдық пісірілген бәліш тисе, «боб королі» титулын иеленеді және жаңа жыл түні оның бұйрықтарына барлығы көнеді.
Қар басқан Финляндияда негізгі қыс мерекесі Рождество деп танылады. Оны 25 желтоқсанда атап өтеді. Рождество түні Аяз ата Лапландиядан ұзақ жол жүріп үйге келіп, үй алаңында үлкен кәрзеңкеге салынған сыйлықты қалдырады. Жаңа жыл - Рождествоны қайталау десе де болады. Отбасы қайтадан түрлі тамақтарға толған үстел басына жиналады. Жаңа жыл түні финндіктер өз тағдырларын білу үшін бал ашады. Балауыз балқытып, сосын оны суық суға құяды.
Германия. Немістер Санта Клаус есекпен келеді деп ойлайды екен. Ұйықтар алдында балалар Санта Клаус әкелетін сыйлыққа арнап тәрелке қойып, ал кебістеріне оның есегіне арнап шөп салып қояды.
Колумбиядағы жаңа жылдық кеарнавалдың басты кейіпкері - Ескі жыл. Ол топтың ішінде биік ағаш атпен қыдырып жүреді және балаларға қызықты оқиғалар айтып береді.Папа Паскуале – колумбиялық Аяз ата. Одан артық ешкім от шашуларды жасай алмайды. Жаңа жыл қарсаңында Богот көшелерінде қуыршақтар шеруі өтеді: мәшиненің төбелеріне жабыстырылған ондаған қуыршақ күлдіргіштер, жалмауыздар және басқа да ертегі кейіпкерлері Канделарий көшелерімен өтеді: Колумбия астанасының ең ежелгі аудандарымен өтіп, қала тұрғындарымен қоштасады.
Вьетнам. Жаңа жыл, Көктем мерекесі. Тет - бұл ең көңілді вьетнам мерекесінің атаулары. Шабдалының өсіп келе жатқан бұтақтары – Жаңа жылдың символы. Ол әр үйде болуы қажет. Балалар кішкентай қолдан жасалған шартылдақтармен атысу үшін түннің дәл ортасын тағатсыздана күтеді. Вьетнамда Жаңа жыл айлық күнтізбе бойынша 21 қаңтар мен 19 ақпан арасында ерте көктем мезгілінде атап өтіледі. Мереке үстелінде – гүл шоғы тұрады. Жаңа жыл түнінде бір-біріне шабдалы ағашының бүршік жарған бұтақтарын сыйлау дәстүрге айналған.
Непалда Жаңа жылды күн шығысымен қарсы алады. Түнде Ай толық болған кезде непалдықтар үлкен от жағып, соған қажет емес заттарын лақтырады. Келесі күні бояулар мерекесі басталады. Адамдар өздеріне бет, қол, кеуде суреттерін салып алып, сонан соң көшелерде ән айтып, би билейді.
Жаңа жыл Кубада Корольдер күні деп аталады. Балаларға сыйлықтар әкеліп беретін Король-сиқыршыларды Бальтасар, Гаспар және Мельчор деп атайды. Жаңа жыл қарсаңында балалар армандары туралы хат жазады. Кубалықтар Жаңа жыл қарсаңында үйлеріндегі барлық ыдыстарды сумен толтырып, сосын түн ортасында терезелерден төге бастайды. Сөйтіп, Бостандық аралының тұрғындары Жаңа жылға жарқын және су секілді таза жол тілейді.
Панама түн ортасында Жаңа жыл басталған кезде қоңыраулар сыңғырлап, автомокөліктер гуілдейді. Балалар мен ересектер айқайлап, қолдарына түскен заттармен тоқылдатады. Осының бәрі келе жатқан жаңа жылды қайырымды ету үшін керек.
Венгрия. Жаңа жылдың бірінші секундында ысқыруды дұрыс деп санайды, саусақпен ысқырмай, балалардың сыбызғысын, түтік тесігін, ойыншық ысқырғышын қолданады. Олар жын-перілерді қуып, қуаныш пен берекені шақырады деп есептеледі.
Жапония халқы қоңырауды 12 рет емес 108 рет соғады. Бұл Жаңа жылдың Жапонияға келгенін хабарлайды. Ежелгі аңыз бойынша, әрбір заң адамзат кеселін «өлтіреді». Жапондықтардың пікірінше, олардың саны алтау (сараңдық, ашу, ақымақтық, жеңілтектік, тартыншақтық, қызғаншақтық). Әрбір кеселдің 18 түрлі ерекшелігі бар – міне осылар жөнінде жапон қоңырауы сыр шертеді.
Болгария халқы жаңа жыл түні жарықтарды сөндiреді, себебі, жаңа жылдың алғашқы минуты қауышу, сүйісу уақыты болып саналады.