СК Фармация» компаниясының басшысы қызметінен босатылды.

Screenshot_3.jpg

ВИЧ індетін жұқтырған балалардың үстінен қаржы үнемдегісі келіп,  сапалы дәрілік заттардың орнына арзан препараттарды беру арқылы ашынған ата-аналардың ашу-ызасын тудырған «СК Фармация» компаниясының басшысы Вадим Зверьков ақыры  қызметінен босатылды. Бұл жаңалыққа, сірә, елімізде қуанбаған жан жоқ шығар. Республикадағы барлық денсаулық сақтау мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған  «СК Фармация» бір жарым жылдың ішінде өз міндетін атқара алмай, ел-жүрт алдында масқараға қалды. Ауадай қажетті дәрілік заттар тапшылығын  сезбеген ауруханалар жоқтың қасы. Зверьковтың кесірінен денсаулық сақтау саласында қолға алынған күрделі реформа тараыпна ауыр сын айтылғаны өз алдына бөлек әңгіме. 

Басқасын айтпағанда, бұл мекемені Парламент депутаттары да жерден алып, жерге салды. Үкімет басшысы мен денсаулық сақтау министріне қатаң шара көруін талап етті. Алайда, Зверьков «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтындай» күй кешіп, миығынан күліп жүре берген. Басқасын қайдам, әйтеуір, «СК Фармация» компаниясын басқарған Зверьков уәдені үйіп-төгу мен  рапорт беруден алдына жан салмайтын. Тіпті денсаулық сақтау министрінің өзі де кейде байқамай алданып қалатын. Шымкеттен шыққан шудан соң болар, Зверьков ақыры астындағы жылы орынтағын босатты. «СК Фармацияның» жаңа басшысы – бұған дейін  Фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы  қызметін атқарып келген Сыздық Баймұқанов тағайындалды. Бұдан дәрілік заттардың жалғыз  дистрибьюторы атанған компанияның жұмысы өзгере ме, оны төреші уақыт көрсетер.

 Screenshot_19.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: