Шрек өмірден алынған кейіпкер

31-10-2013-5.jpg    

 Балалар түгілі ересектердің де сүйіктісіне  айналған «Шрек» мультфиліміндегі бас кейіпкер туралы бір шындықты айтайын.  Денесі алып, түр-әлпеті келіспей қалған, ебедейсіз Шрек шын мәнінде өмірде болған адамның прототипі екен. Ол кім деп ойлайсыз? 

Ол XX ғасырдың басында атағы жер жарған кәсіпқой француз боксшысы Морис Тилле. Морис өте білімді азамат болған. 14 тілді жетік меңгерген, тіпті өлең жазатын өнері де болған. Бірақ талантты Морис 20 жыл бойы ғаламда сирек кездесетін ауру - акромегалиямен ауырған. Акромегалиямен ауырған адам сүйектері өзінен-өзі, тоқтаусыз өсе беретін қасіретке душар болады. Бала кезінде Морис сүйкімді, келбетті болған соң, жұрттың бәрі «періште» деп атаған екен. Заңгер болуды армандаған ол науқастығына байланысты бұл ойынан амалсыз бас тартады. Сөйтіп спорт әлеміне келеді. Рингте алып денесімен ол талай боксшыны нокаутқа жіберген. Атақты спортшы 51 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған. Міне осы Мористің дене бітімі, келбеті «Шрек»  мультфильмінің режиссері Эндрю Адамсон мен Уильям Стейгке ұнаған болу керек, оны өз туындыларына бас кейіпкер етіп таңдап алады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: