Кәсіп ашып, қаражат тапқысы келген қазақ қызы қыздығын сатылымға шығарғанын мәлімдеді. Бұл ойы туралы бойжеткен "Өз ойым" бағдарламасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бойжеткен пәктігін саудаға салуының басты себебін - қаражаттың қажеттілігімен түсіндірді.
"Мен қазір ақылы оқуыма төлемақы төлеймін. Қыздардың барлығы тегін беріп жатса, мен тегін бергім келмейді. Ақша тауып, мүмкін сол ақшаға оқуымды жауып, қалғанына тіктіріп алсам ба деген ойым болған. Негізгі мақсатым сол. Одан бөлек, кәсіп, яғни, салон ашқым келген", - деді ол.
Одан бөлек, арын сатуға арланбаған ару қазіргі уақыттағы "ұятты тақырыптарды" қозғауға ұялатын қыздар туралы да сөз етті.