Келесі жылдан бастап кей дәрігерлер 55 жастан зейнетке шығу мүмкін

Screenshot_1.jpg

Елімізде алдағы уақытта дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы ықтимал. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі заңға өзгеріс енгізбек. Тізімге акушер-гинеколог, неонатологтар пен хирургтар кіреді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, жұмысы ауыр дәрігердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек. Осыған сәйкес, олар заңға өзгерістер енгізуді қарастырып отырғанын алға тартты. Алайда зейнетке ертерек шығу үшін, ақ халаттылардың зейнетақы қорында қаражаты жеткілікті болу керек екенін де жеткізді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, қазіргі уақытта ер азаматтар 9,1 миллион теңгемен 55 жастан, әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.  

"Бұрын кеңес үкіметі кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге осындай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазіргі уақытта талқылануда", - деді денсаулық сақтауды дамыту менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисова.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: