Білім министрі мұғалімдермен бірге еден жуушы, күзетші, электриктердің де айлығы өсетінін айтты

Screenshot_1.jpg

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Негізінен еңбек өтілін енді бастап жатқан жас мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілерінің жалақысы өседі. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі. 

Сонымен қатар, Күләш Шәмшидинова қосымша көмекші тұлғалардың да еңбекақысы өсетінін жеткізді. Яғни, балабақшадағы еден жуатын тұлғалар, күзетшілер, отжағушылар, электрик, сантехниктердің де жалақысы өседі.

«Басқарушы басқармаға жататындардың да еңбегі өседі. Олар мектеп директорлары, директор орынбасарлары, балабақшалардың басшылары», - деп белгілеп өтті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.


Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дауыс беруге келген Зеленский журналистерге рэп оқып берді (видео)
  • Мемлекет басшысы жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
  • Президент сайлауына түсетін кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі
  • Шымкенттегі Тоқаев көшесінің Президенттің әкесіне қатысы бар ма?
  • Созақта 100 мың теңге пара алды деген күдікпен бөлім басшысы ұсталды (видео)
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: