Қазақстандық әйелдер жүктіліктің 12-аптасына дейін тіркеуге тұрса, 425 мың теңгеден алады. Мұндай өзгеріс "Денсаулық сақтау" туралы заң жобасына енгізіліп отыр, деп хабарлайды "Атамекен бизнес жаңалықтары".
Ең төменгі жалақының 10 айлық мөлшерлемесін құрайтын төлем жергілікті бюджеттен төленеді. Ең бірінші кезекті бұл жергілік атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырып, ана мен баланың денсаулығын сақтау қалу үшін жасалуда. Заң жобасы 10 сәуірге дейін қоғамдық тыңдауда болады.
Айта кетейік, қазір ең төменгі жалақы мөлшері 42 мың 500 теңгені құрайды.