Ерболат Құдайбергеновтың өкпесі орынды ма?

Screenshot_1.jpg

Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әні тыңдарман қауымның арасында әрқилы пікір туғызғанымен, қазақ эстрадасында әжептәуір танылған дүние болғанын мойындау керек шығар. Батыстың даңғыра музыкасына еліктегіш жастар жағы болмаса, Жұбан ақынның намысты қайрар жалынды өлеңінің құлаққа түрпідей тиетін әуенге қосақталғанын  көпшілік жақтыра қойған жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын осы әннің аз уақыттан кейін алауы жағылатын Ақ Азиаданың беташарында айтылады деген әңгіме тараған болатын.

Бекер екен. Ән беташарға жарамай қалды.   «Мен қазақпын» Алматы мен Астана өтетін қысқы Азия ойындарының ашылуына шырқалатын он үміткер әннің тізіміне енбей қалған. Неге екені белгісіз.  Бәлкім бұл Азиаданы ұйымдастыру үшін Ресейден алдырылған режисердің шешімі шығар.

Бұған Ерболаттың өзі шала бүлініп жатқан көрінеді. Баспасөзге берген сұхбатында ол:

--Мені неге шеттетті? «Мен—қазақпын» Азиадада шырқалады деген үмітпен жарты жыл бойы еңбектендім. Керемет дүние болып шыққан еді. Сол еңбектің бәрі зая кеткеніне өкінемін. Енді Азиаданың ашылуына да, жабылуына да қатысқым келмейді,--депті.

Кейбір сарапшылар Ақ Азиаданың ашылуында шырқалатын он әннің ішінен Ескендір Хасанғалиевтің, «Ұлар» тобының мүшесі Нұржан Теңізбаевтың, «Жұмыр қылыш» күйінене алынған үзіндіні лайық деп тауып отыр. Бұдан басқа іліп алары жоқ көрінеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: