Әнші Жігер Ауыпбаев қайырымдылыққа бет бұрды деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. Ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында "Өзім жылына енді екі адамды ота жасатуға жіберетіндей мүмкіншілігім бар. Алла қаласа, жіберіп тұрамын. Жол қаражатын өзім көтеремін. Былайынша айтқанда, сауап ретінде, садақа ретінде", - деп ағынан жарылды.
Айта кетейік, Жігерді мұндай сауапты іске итермелеген інісі Алмас болу керек. Биылғы жылдың ақпанында әнші бір көзі көрмей қалған туған інісі Алмастың көзіне Түркияда ота жасатқан болатын. Операцияға 4000 долларға жуық қаражат кеткен.