Шымкенттіктер 91 тобына жұмыртқа лақтырды

Screenshot_12.jpg

Наурыз мерекесіне орай 91 тобы Шымкентте концерт берді. Ашық аспан астында өткен кешке әншінің фанаттарымен қатар хейтерлер де жиналған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Топқа қарсылық танытушылардың видеосы astana_eaglez парақшасында жарияланды.

Сахнада өнер көрсетуіне қарсылық танытып, өздеріне жұмыртқа лақтырғандардың теріс ісін "Ninety one" тобының солисі Дулат Мұхаметқалиев қатаң сынға алды.

"Мына жерде біреу жұмыртқа лақтырып жатыр. Не болды соншама, тамақты ысырап қылып?! Кейбіреулер нан таба алмай жүр. Ұят", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 91 тобын күні кеше танымал актер Алмат Сақатов жақтап шыққан болатын.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: