Мерекелік концерт отшашумен қорытындыланды

Oinet.kz 26-10-2026

Бүгін ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерт «Астана» алаңында қайта жалғасты.

114390.jpg

Концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына әсем әндерін тарту етіп, мерекені сезіндірді.

Атап айтқанда, сахна төрінде Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мәдина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков және тағы басқа танымал әншілер өнер көрсетті. 

Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған ауқымды мәдени іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, ұлттық мерекенің маңызын насихаттауды мақсат еткен.

Республика күні өткенді бағамдап қана қоймай, ел болашағына жауапкершілікпен қарап, жаңару мен жасампаздыққа ұмтылуға үндейтін маңызды мереке. Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы мереке Шымкент қаласында кең ауқымда аталып өтті. 

Осылайша екі күнге жалғасқан мерекелік кештің соңы жарқын отшашумен қорытындыланды.

Тысяча воздушных змеев украсила небо Шымкента
Праздничный концерт завершился салютом
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу