Саябақтар бәсекесі: Шымкентте жасанды интеллектінің көмегімен спорт лигасы басталады

Oinet.kz 22-10-2026

«SHYMKENT PARK LEAGUE» атты жаңа спорт жобасының аясында қаланың 11 саябағы спорттық челлендждер арқылы өзара бақ сынайды.

Screenshot_4.png

Тұрғындар таңғы жаттығуларға қатысып, түрлі жаттығулар орындап, нәтижелерін қазақстандық AI SPORT қосымшасы арқылы тіркей алады.

Сонымен қатар, жаттығуларды саябаққа бармай-ақ, кез келген жерде орындап, онлайн форматта қатысуға болады. Жобаға қатысу – тегін.

Әзірленген тұжырымдамаға сәйкес, жарыс 7-27 қараша аралығында 21 күн бойы өтеді. Оған 16 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.

Қатысушыларды тіркеу 23 қазанда AI SPORT қосымшасында басталады. Ол үшін AI SPORT қосымшасына тіркеліп, қалалық саябақтардың бірін таңдап, тапсырмаларды орындауды бастау қажет. Қатысушылар өздері таңдаған саябақтың тапсырмаларын нұсқаушылармен бірге өтетін таңғы жаттығуларға қатысу арқылы да, өз бетінше жаттығу арқылы да қолдай алады.

Олжас Бектенов принял участие в IX Kazakhstan Global Investment Roundtable в Шымкенте
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу