Қазақстанда 2,66 гвт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда

Oinet.kz 22-10-2026

Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын азайту мақсатында ағымдағы жылы жалпы қуаты шамамен 2,66 ГВт болатын жаңа және жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарланып отыр.

Screenshot_1.png

Жобалардың қатарында Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарын жаңғырту – тиісінше 557 және 544 МВт, Түркістан облысында 1000 МВт бу-газ қондырғысын салу, Атырау жылу электр орталығында 59,6 МВт қуатты іске қосу және Текелі ЖЭО-да 17 МВт жаңа қуат енгізу бар.

Сонымен қатар жалпы қуаты 245,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын іске қосу көзделген.

Қызылорда облысында қазіргі уақытта 240 МВт бу-газ қондырғысы іске қосылды. Бұдан бөлек, өңірде жалпы қуаты 212,6 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің жеті жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде үш күн электр станциясының қуаты – 62,6 МВт, төрт жел электр станциясының қуаты – 150 МВт.

Жаңартылатын энергия көздері нысандарында өндірілген электр энергиясының көлемі 5,1 млрд кВт·сағатты құрады.

Энергетикалық қуаттарды ұлғайту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту электр энергиясына өсіп отырған сұранысты қамтамасыз етуге және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Опубликован рейтинг 20 самых дорогих компаний Центральной Азии
Олжас Бектенов Шымкентте өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable іс-шарасына қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу