Шымкент полицейлері жолдағы және балалар қауіпсіздігін күшейтті

Oinet.kz 21-05-2026

Шымкент қаласында мамыр айында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар қолға алынды. Аталған шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтып, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

17-25 мамыр аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Бұл шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалау. Құзырлы орган өкілдері жолдағы қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырып, әрбір адамның өмірі мен денсаулығы жол мәдениетіне тікелей байланысты екенін ескертеді.

Ал 18-28 мамыр күндері аралығында «Балалар қауіпсіздігі» атты іс-шара ұйымдастырылуда. Аталған шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мамандар ата-аналар мен білім беру ұйымдарын балаларға қауіпсіздік талаптарын тұрақты түрде түсіндіріп отыруға шақырады.

Қала аумағында өткізіліп жатқан мұндай профилактикалық шаралар қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қоспақ.

Б.Алсейтов,

Шымкент ҚПД ППП-нің 5 рота командирі, полиция капитаны 


Шымкентте тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді
Кәсіби мерекеге орай мәдениет және өнер қызметкерлері Президент атынан марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу