Шымкент қаласының автомобиль жолдары құрылыс талабына сәйкес жөнделуде

Oinet.kz 30-07-2025 4

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жарияланғандай, Шымкент қаласында жаңа автомобиль өткелі мен жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Screenshot_13.jpg

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі күні қала аумағында жол құрылысына қатысты үлкен жобалар қолға алынған. Соның бірі – өткен жылдың қараша айында құрылысы басталған Тіленшин және Момынов көшелері. Бұл жоба теміржол өткелдерін қауіпсіз әрі реттелген түрде ұйымдастыру, сондай-ақ көлік кептелісін азайту мақсатында қолға алынған. Жоба аясында теміржол үстінен төрт жолақты өткел салу, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен бағдаршамдар орнату жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына тапсыру жоспарланған.

Жалпы көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елді мекендерді жайлы, жақсы жолмен қамтамасыз ету қала билігінің күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселенің бірі. Қалаға қарасты аудандардың тұрғындарымен кездескен кездесулерде де жол мәселесі жиі көтерілетіні жасырын емес. Бұл инфрақұрылым мәселесі қаланың бас жоспарына сәйкес кезең-кезеңмен өз шешімін тауып келеді. Мәселен, 2025 жылға дейін 270 шақырымнан астам жол асфальтталуы тиіс болса. Қазіргі уақытта 201 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 605 шақырым жолды қайта құру жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1238 көшеге жарықтандыру жүйесі орнатылып, биыл тағы 1550 көше жарықпен қамтылмақшы. 

– Жалпы алғанда, құрылыс саласының ауқымы кең. Оған инфрақұрылым мен жолаушылар тасымалына қажетті құрылымдарды жаңғырту жұмыстары да жатады. Автомобиль жолы, темір жол, әуе жолы болсын барлығында жолаушылардың мініп-түсуі үшін бар жағдайды жасауға тиіспіз. Мәселен, жуырда жоғарыда аталған көшелердегі жол құрылыс жұмыстарының барысынмен танысқан болатынмын. Жол саласында көп жұмыс атқарылуда. Қарап отырсам, жол құрылыс саласында қарқын бар. Мұның барлығы жолаушылар үшін, олардың жайлылығы үшін жасалып жатқанын ұмытпауымыз керек. Бастысы сапаны бақылау және қадағалау маңызды. Ал көшелерді жарықтандыруға келсек, бүгінде қалада 2778 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін қаланың барлық көшесін толық жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жоғарыда аталған жобалар көлік қауіпсіздігін арттырып, қаладағы көше-жол желісінің өткізу қабілетін жақсартуға ықпал етеді, сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жоғарылатуға оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз, - деді  Ғабит Сыздықбеков.

Шымкент қаласында «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы жоғары денгейде өтті
Шымкент қаласында дін саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу