Шымкенттегі «Алаш» базарында жастарды жұмыспен қамту аясында түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды
Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары Абай ауданында орналасқан «Алаш» базарында жұмыспен қамту шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жастар ресурстық орталығының басшысы міндетін уақытша атқарушы Аружан Русланқызының айтуынша, Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары халықпен кездесіп, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жан-жақты ақпарат берді.
– Есте болса, Президентіміз өткен Жолдауында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша билікке тиісті тапсырмалар берді. Жалпы, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы бағытта Шымкент қаласы халық көп шоғырланатын «Алаш» базарында жастарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары түсіндірілді, – дейді ол.
Тұсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға тұрақты жұмыс орындары, субсидияланатын жұмыс орындары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар және өңіраралық қоныс аудару мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды шаралардың бірі – жастарды жұмыспен қамту. Президент өз Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атай отырып, жастарды жұмыспен қамту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат беру және жұртшылықты белсенді түрде еңбек нарығына тарту болатын.
Дегенмен, Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары жүргізген түсіндіру іс-шарасы өз нәтижесін берді. Үлкендерге қарағанда жұмыс іздеген жастар көбірек қайырылып, өздеріне қажетті тұщымды ақпараттар алды. Сонымен «Алаш» базарында өткен пікір талас алаңынданда мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, бағдарламаға қатысу шарттары мен талаптарын кеңінен түсіндірген еді. Ал қала тұрғындар мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.