Шымкент қаласында кездесуде халық көтерген өтініш-тілектер талапқа сәйкес орындалуда

Oinet.kz 25-07-2025 3

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкентте балалар ойын алаңдары салынып, жаяу жүргіншілер жолдары төселуде. 

Screenshot_5.jpg

Жалпы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен жиі кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлеріне үнемі көңіл бөліп отыратын әкім. 

Қала әкімі Жалын тұрғын алабының тұрғындарымен өткізген көшпелі кездесуінде Көкжиде көшесі тұрғындарынан балалар ойын алаңын салу туралы ұсыныс түскен болатын. Ол ұсыныс билік назарынан тыс қалмады. Көше тұрғындарымен кездесуде уәде еткендей қала әкімі тұрғындар айтқан жер телімін зерттеп-зерделей келе, ойын алаңын салу туралы құрылыс басқармасына тапсырма берді. 

Заң шеңберінде қаралып, қараусыз қалған жер телімі зеріттеліп, шешім қабылданды. Сол шешімнің негізінде, Көкжиде көшесі тұрғындарының өтінішіне сәйкес, аталған аумақтағы қараусыз, заңсыз салынған құрылыс нысаны бұзылды. Сөйтіп, орнына балалар ойын және воркаут алаңдары орнатылды. Бүгінгі күні жаңа алаңша пайдалануға беріліп, тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуде.

– Қала әкімі өз уәдесінде тұрып, біз көтерген мәселенің оң шешімін табуына дер кезінде көмек берді. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ. Күнде ертеңді кеш ойын алаңынан табылып, бойларын жазып, бір мезгіл ұялы телефонға телміруін қойды. Қаламызда жасалып жатқан игі істер көп. Оның игілігін біз де, Көкжиде көшесі тұрғындары да сезінудеміз. Ең бастысы қала әкімдігі халықтың ұсыныс-пікірлерін басты назарда ұстап, сөзінде тұрғаны оның азаматтығы деп білеміз, – дейді Көкжиде көшесінің тұрғындары. 

Сондай-ақ қала әкімі осы Көкжидек көшесі сияқты қаланың Оңтүстік шағын ауданы тұрғындарының да сөзін жерде қалдырмады. Атап айтсақ, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен өткізген көшпелі кездесуі барысында Оңтүстік шағын ауданы тұрғындары Қума және Айбатты тұйық көшелерін қосатын жаяу жүргіншілер жолын салу жөнінде өтініш білдірген болатын. Азаматтардың бұл ұсынысы назарға алынып, тиісті жұмыстар жедел атқарылды. Нәтижесінде тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ететін жаңа аяқжол салынды.

«Халықтың өтініш-тілегіне құлақ асу біздің басты міндет. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда аянып қалып жатқанымыз жоқ. Не істесек те халықтың игілігі, болашақ жастардың жайлы өмір сүруі үшін жасалуда. Әкімдіктің жұмысының басты басымдықтарының бірі – тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату. Әрбір көтерілген мәселе мен ұсыныс мұқият қаралып, мүмкіндігінше оң шешімін табуда», дейді қала әкімі.

Шымкентте темірбетон кәсіпорны ірі компанияларды құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде
Шымкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының еріктілер мектебі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу