Шымкент қаласында «Street Food Fest» атты фестивалі жоғары деңгейде өтті

Oinet.kz 24-07-2025 4

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай Шымкент қаласында алғаш рет көше тағамдарына арналған «Street Food Fest» атты фестивалі өтті. 

Screenshot_3.jpg

Оған 50-ден астам қоғамдық тамақтану орны қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына өздерінің ерекше мәзірлерін ұсынды. 

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаровтың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты – туристерге қаланың гастрономиялық әлеуетін таныту, көше тағамдары мәдениетін дамыту және туристер үшін тартымды орта қалыптастыру. Бір атап өтерлігі бұл атаулы іс-шарада көше тағамдарына басымдық берілгені. Жалпы фестивальдің форматында отыратын орындар қарастырылмаған. Яғни, тағамдардың барлығы – street food стиліне сай тұрып жеуге арналған. Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілердің салқын сусындар мен балмұздақ өндірушілердің де өнімдері кеңінен ұсынылды.

– «Street Food Fest» фестивалі – Шымкенттің креативті, заманауи және қонақжай қалалық келбетін паш еткен ерекше мәдени-гастрономиялық оқиға болды. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына жазғы демалыс күнін әсерлі өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ бұл фестивальде кәсібі бар азаматтар үшін керемет жарнама болды. Әрқайсысы өз өнімін еркін сатып, халықпен тікелей байланыс орнатты. Фестиваль аясында келушілер үшін ұлттық тағам және әртүрлі тағам түрлері ұсынылып, қаладағы үздік көше тағамдары сатушылары өз өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар аспаздық шеберлік сағаттарына қатысып, концерттік бағдарлама, көше билері мен акробатикалық қойылымдарды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Шара барысында қолөнершілер аймағы да жұмыс істеді, – дейді Ерлан Омаров.

Аталған фестивальдің басты ерекшелігі – салмағы 67 килограммды құрайтын бургердің дайындалуы болды. Бұл ерекше тағам «КИНЭС» рекордтар кітабына енгізіліп, «Қазақстандағы ең үлкен гамбургер» атағына ресми түрде ие болғанын атап өткен жөн. Алып бургер кейіннен «City» қонақүйіне табысталып, қала қонақтары мен туристерге үлестірілді.

Фестиваль күндізгі уақытта аспаздық көрмелермен, шеберлік сағаттарымен, culinary fire show сынды әсерлі аспаздық қойылымдармен өрбіді. Көше биі сайысы мен акробатикалық өнерлер де көрермен көңілін көтеріп, мерекенің шырайын кіргізді. Кешке танымал эстрада жұлдыздарының концерті болады. 

Street Food Fest фестивалі Шымкенттің гастрономиялық әлеуетін паш етіп қана қоймай, қаланың туристік тартымдылығын арттыруға елеулі үлес қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бұл шара жыл сайынғы дәстүрлі фестивальге айналмақ. Фестиваль қонақтарының айтуынша, мұндай ашық алаңдағы шаралар тұрғындар арасында қоғамдық белсенділікті арттырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. Көше тағамдары мен отандық өнімдердің кең көлемде ұсынылуы – қала дамуының жаңа бағытын көрсетіп отыр.

Ынтымақ бар жерде – ырыс бар
Шымкентте темірбетон кәсіпорны ірі компанияларды құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу