Шымкент қаласында байланыс сапасы жақсаруда

Oinet.kz 18-08-2025 13

Шымкент қаласында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

1000462663.jpg

Қазіргі таңда қала аумағында 239 жаңа базалық станция іске қосылып, нәтижесінде байланыспен қамту деңгейі 32 пайызға артты. Бұл өз кезегінде тұрғындардың ұялы байланысқа және интернет қызметтеріне қолжетімділігін едәуір жақсартты.

Сонымен қатар, жаңа станциялардың орнатылуы мобильді интернеттің жылдамдығын арттырып, цифрлық қызметтерді сапалы әрі үздіксіз пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі болып табылады.

Бірлік – ел дамуының негізгі тірегі
Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу