Шымкент қаласында жылу 20 қазаннан беріледі

Oinet.kz 15-10-2023 1447

Шымкент қаласында жылу мерзімін ерте бастау туралы тапсырма берілді. Қала әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлының айтуынша, ауа температурасының төмендеп, күннің салқындауына байланысты хала тұрғындары тарапынан көп өтініш келіп түскен. 

Screenshot_9.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы, қоғам игілігіне және сәулет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер аталып, оған қатысты тапсырмалар берілгені белгілі. Жалпы бүгінгі адам үшін ең керегі жайлылық. Яғни, алаңсыз жұмыс істеуі үшін жайлылық керек. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және әрбір адамның жұмысты істеуіне қолайлы жағдай жасау. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Қазіргі таңда өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып, жылу берілуде. «Жаз арбаңды қыс сайла, қыс арбаңды жаз сайла» демекші қыс қыстығын жасамай тұрмайды. Сондықтан да біз оған дайын болуымы керек. Ауа температурасының төмендеп, күннің салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан көптеген өтініш келіп түскен. Осыны ескере келе жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырдым, - дейді өңір басшысы Ғабит Сыздықбеков. 

Жоспар бойынша кестеге сәйкес жылу қазан айының 25-іне қосылу керек болатын. Қала басшысының қаулысымен енді көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қазанның 20-сынан бастап жылу беріле бастайды. Қазіргі таңда қаладағы 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын. 

Шымкент қаласында Азия ойындарының жүлдегерлері марапатталды
Шымкент қаласында интернет алаяқтардан қорғану жолдары айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу