Шымкент қаласында 147 мектептің интернет жылдамдығы арттырылды

Oinet.kz 12-10-2023 270

Шымкент қаласында мектептердегі интернет жылдамдығы арттырылуда. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлінің айтуынша, шаһардағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына мониторингтеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда. 

Screenshot_10.jpg

Мониторинг барысында қаладағы 143 білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілген. Мониторингтеу нәтижесінде шаһардағы 135 мектеп «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен, 6 мектеп жеке компаниялар арқылы келісімшартқа отырғандығы анықталды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мектепте қайта конкурс жарияланған. 

- Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде, білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражатты цифрландыру басқармасы арқылы іске асырып, орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және барлық мектептердегі интернетті 150 мб/сек тан төмен емес жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, орта білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурс өткізілді. Қаңтар-ақпан айларында конкурс нәтижесі анықталып, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек  көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Айта кетерлігі қоғамдық орындарды тегін Wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, толық іске қосылды, - дейді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлі.

Өткен жылы қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100 пайыз тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізіліп, Wi-fi нүктелері орнатылатын жерлер бектіліп, қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жүргізілді. Осы аталған 10 қоғамдық орындарға орнатылған «Wi-fi aimaq» модемдері толық іске қосылып, қаладағы қоғамдық орындардың тегін интернетпен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрады.

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталуда
Шымкент қаласында 72 станция орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу