Шымкент қаласында шаһар көшелері жаңғыртылуда

Oinet.kz 11-10-2023 323

Шымкент қаласында жолдардың жаңаруы жақсара түскен. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, шаһардағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізілуде. Нәтижесінде 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өткен.  

Screenshot_7.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының ауқымы кең. Жол – күре тамыр. Алматы мен Тәшкент қаласын байланыстырып жатқан транзиттік көлік дәлізінің Шымкент қаласы үшін маңызы зор. Президент Жолдауында еліміздің транзиттік қуатын арттыру маңызды мәселелердің бірі ретінде көрініс тапқан. Президент Жолдауында «Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады» дей келіп транзиттік жолдардың құрлысына мән берген. Қазір қаламызда жүргізіліп жатқан транзиттік жолдың құрылыс жұмыстары шақарымызға тың серпін береді деген ойдамын. Өйткені, бұл ең алдымен жол бойында орналасқан елді мекендердегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік бермек, - дейді қала әкімі

Бүгінде 14 жылдан бері жөндеу көрмей тозы шыққан Дулати көшесі жаңарды, яғни Рысқұлов-Тәуке хан даңғылына дейінгі 3,2 шақырым жолға асфальт төселді. Сонымен қатар магистрал көшенің жол жамылғысы толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол, арнайы таңбалар салынды. 

Жалпы, қаладағы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жеткізіледі.

Сонымен қатар қаладағы Шығыс айналма, Өтегенов, Адырбеков көшелері, Темірлан тас жолының бойында жолаушылар өткелін салу жұмыстары атқарылап жатыр.  

Осы ретте, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысында, А-2 автомобиль жолы мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында жолайрық салу жоспарлануда.

Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғарылай түспек. 

Шымкент қаласында жылыту маусымы кезінде газ тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алын
Шымкент қаласында кілем тоқыма фабрикасының жұмысы жанданып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу