Шымкент қаласында кәсіподақ мүшелерінің еңбегі жоғары бағаланды
Шымкент қаласында ардагерлерге деген құрмет жоғары. Жақында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ күні аталып өтті. Одан ұйымның бүгінге дейін атқарған жұмысы қорытындыланып, соңы мекеме қызметкерлерінің және ем алушыларының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
Мекеме басшысының әкімшілік-шаруашылық жөніндігі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Усенбаев мерекелік жиынды ашып, өткен қарттар күнімен, кәсіподақтар күнімен және республика күнімен құттықтап, мекеме атынан дайындалған «Алғыс хаттары» мен сыйлықтарын қызметкерлер мен ем алушыларға табыстады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында әлеуметтік салаға қатысты көптеген шаралардың жүзеге асырылуына бастамашы болып отыр. Соның ішінді жалғыз ілікті қарттар мен халқымыздың қазынансы – қариялар да таса қалмаған. Өткен қарттар күні мен алдағы Кәсіподақтар және Республика күндері біз үшін ерекше орны бар мерекелер. Осындағы барша қариялардың ел ішінде еңбегі елеулі екеніне сенім білдіремін. Қазыналы қарттардың өмірден алған тәжірибесі бізге үлгі. Қазақтың ұлттық рухының биіктігі қазыналы қарттарды құрметтеуде жатыр. Әрбір үйдің ақылшысына айналған қарияларға ұзақ ғұмыр тілейміз, - деді ол.
Сондай-ақ, ол мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекемедегі ем алушылар мен мекеменің қызмет көрсетушілері-ұжым мүшелерін алда келе жатқан «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелерін филиал наградаларымен марапаттады.
Атап айтқанда, мекеме басшысының әкімшілік-шаруашылық жөніндігі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Амантайұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің енбек терапия жөніндегі нұсқаушысы Аднабек Тиллабекұды «Құрмет грамотасымен» және мекеменің ас таратушысы Жұпар Абайқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. Сондай-ақ, филиал төрағасы С.Әуесхановқа мекеме басшысының «Алғыс хаты» табысталды.
Бұдан бөлек, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасына арнайы барып, басқарманың басшысы Жанат Өмірсейітқызы мен кәсіподақ төрағасы Абдималик Балбаевтың қатысуымен, басқармадағы ұжым мүшелерін «10 қазан - Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады. Ол құрметке басқарманың статисті, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдималик Балбаев «Еңбек озаты» төс белгісімен, басқарманың бас маманы Фарида Асқарқызы «Құрмет грамотасымен» және басқарманың бас маманы Қарлығаш Жакинқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында басқарманың басшысы Жанат Өтебаева ұжым мүшелерін құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына ризашылығын білдірді.