Түркістан облысында жеңілдетілген несие кез-келген шаруаға беріледі

Oinet.kz 05-03-2021 388

157117529_900217374059880_8187328954973022023_n.jpg

Түркістан облысында кез-келген шаруа көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінетін пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге қол жеткізе алады. Жеңілдетілген несиені «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микрокредиттік қаржы ұйымы арқылы алуға болады. Бұл туралы «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Мұхтар Әлімханұлы айтты.

Аталған қаржы ұйымдарының басшылары мен тиісті мамандары Түркістан облысындағы диқандардың қаржыны дер кезінде алып, тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы кәсіпкерлермен кездесіп, жергілікті халыққа 5 пайыздық несиені қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

– Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру , қаржыландыру талапқа сай іске асырылады. Тапсырылған құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Несие алушы негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды мерзім соңында өтейді, –  деді «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Мұхтар Әлімханұлы.

Егін егу, жиын-терім жұмыстарына бөлінетін қаражат жеке тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлері үшін беріледі. Несиені барлығы бірдей ала алады. Бастысы, кредиттік тарихында олқылық болмай, бизнес-жоспары болуы шарт.


Қазақстандағы алғашқы Дағдарысқа қарсы карта Түркістанда іске қосылды
Түркістан облысында екі айда 10 мың сәби дүниеге келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу