«Теміржолсу – Маңғыстау» ЖШС-де қаржылық бұзушылықтар анықталды
Мамандар Маңғыстау облысы бойынша «Теміржолсу - Маңғыстау» ЖШС –де жүргізілген аудиторлық іс – шараның қорытындысын жариялады.
«01.01.2021 ж.- 07.01.2022 ж. аралығындағы кезеңі бойынша мемлекеттік аудитордың «Теміржолсу – Маңғыстау» ЖШС – не жүргізілген тексеру барысында жалпы сомасы 8 468,86 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Азаматтық-құқықтық сипаттағы өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттармен жұмыс жасаған Департаменттің 24.04.2023 жылғы №16 аудиторлық есебінде көрсетілген 9 қызметкерлердің 2020-2021 жылғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналары еңбек ақыларынан тиісті деңгейде ұсталынып, жалпы сомасы 174,96 мың теңге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленуді және анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды талап етіп, орындалмаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты лауазымды адамға қатысты әкімшілік іс қозғалатындығы ескертілген»,- дейді ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті» РММ – нің мемлекеттік аудиторы А. Жақсыбекқызы.