Халық жолдауды қолдайды

Oinet.kz 12-10-2023 552

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Screenshot_16.jpg

Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жыл мерзімдік уақытта Үкімет тарапынан жүзеге асырылуға тиіс тапсырылмаларды атап өтті:

Отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, сатып алу үрдісін оңтайландырып "баға емес, сапа" қағидатына басымдық беру, агроғылым жетістіктерін пайдалану арқылы, ауылшаруашылық өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру, Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру, туризмді дамыту және жұмыстың ашық болуын, арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз ету керектігі жайлы айтылды.

Мемлекет басшысы, Жолдаудың мақсаты - халықтың әл ауқатын арттыру, экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, заңның үстемдігін жүзеге асыру-деді.

Құрметті көпшілік!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын, бір кісідей қолдап, жүзеге асуына әрбіріміз өз үлесімізді қосайық.

Шардара аудандық Аналар кеңесінің және "Мейірім" ҚБ төрайымы. 

Ұлдықыз Жәлелқызы

Жолдау - дамудың даңғыл жолы
Саурандық команда облыстық сайыста жүлделі бірінші орынға ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу