Мың бір дертке дауа болған бұлақ

Oinet.kz 01-09-2022 1050

Screenshot_29.png

Төле би ауданында құпиясын бүгіп жатқан киелі орындардың бірі – "Нұрата әулие" мазары.

"Нұрата әулиенің"  мазары  Майбұлақ ауылы Майбұлақ өзені бойындағы Нұрата есімімен аталатын бұлақтың жағасында жатыр.

Жылдың қай мезгілінде болсын, жер-жерден адамдар осында келіп зиярат етеді. 

Әулие баба мазарының астыңғы жағындағы бұлақ қысы-жазы қатпайды. Қақаған аяздарда буы бұрқырап жатады. Ал, бұлақ жеті тараптан ағып шығып, бір арнаға тоғысады. Судың асқазанға, көзге, бүйрекке, бауырға, қуыққа, жараға, жүйкеге, буын ауруларына емдік қасиеті мол. 

Әулиеге зиярат етушілер қатары көбейе түскендіктен нысанның жанынан мешіт, мейманхана, асхана салынған.

Зиярат етушілерге ыңғайлы болу үшін айналасына жол, баспалдақ салып, орындықтар жасалған. 

Screenshot_30.png

«Жылақ ата» неге жылайды?
Тау куророттары - туризмге дем беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу