«Жылақ ата» неге жылайды?

Oinet.kz 01-09-2022 1510

Screenshot_27.png

Тасын түртсең тарихы сайрап шыға келетін Төле би ауданында тарихи, сокральды орындар көп. Аудандағы туристер жиі аяқ басатын нысанның брі - Жылақ ата бұлағы. 

«Жылақ ата» көпшілік қатынайтын, аңыздарға үлескен киелі орын. Жылақ ата жартасынан ағатын су тамшылары ерекше қасиеттерге ие, олардың әр тамшылары өз қасиетімен бір-бірінен ерекшеленеді және емдік мақсатта қолданылады. Жарастан ағатын тамшылар көз ауруы, бүйрек және бауыр дерттерінен сауықтырар шипалы бұлақ көзі болып саналады. 

Screenshot_28.png

Жартас жанында үңгір орналасқан. Бұл киелі орын туралы көптеп аңыздар тараған. Оның бірінде бағзы заманда Арабиядан Ислам дінін уағыздауға Сайдсахи Жамал деген діндар адам келгені, оның үңгірді паналағаны баяндалған. Ол кісі діншіліктен бөлек емшіліктен хабардар дана адам болған деседі, көптеген адамдарды емдеп, ризашылығына бөленген. Бір күні оның екі ұлы кенеттен көз жұмып, ал өзі сол кезде үңгір ішіне бет алы көзден ғайып болыпты. Осы жердегі су тамшылары сол кісінің көз жасы деседі.

«Жылақ ата» бұлағында  гүрiлдеп таудан құлай аққан су кейде тоқтап қалады. Сосын араға уақыт сала қайта ағады. Тоқтап, қайта ағады, тоқтап, қайта ағады… Тас қабырғадан тамшылаған моншақ-моншақ ақ тамшыларға шексз қарап тұра бергің келеді. 

Screenshot_26.png

Соңғы жылдары  әрбiр жарты сағат көлемiнде таудан құлап ағып, қайта тоқтап қалатын жұмбақ сарқыраманы көрушілердің қатары артып келеді. 

Ақмешіт шатқалына баратын қонақтар мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін «Екпінді-Ақмешіт» жолында көпір салынған. 

Screenshot_25.png

«Ғайып Ерен Қырық Шілтен» мінәжат орны абаттанып келеді
Мың бір дертке дауа болған бұлақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу