Тау куророттары - туризмге дем беруде
Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалы аудан және өзге де өңір тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Мұнда жылына мыңдаған туристер келіп, әсем табиғат аясында ұмытылмас естеліктерді алып кетеді. Біркөлік шатқалы - қазіргі таңда өңірдегі ішкі туризмді дамытып отырған аймақтың бірі. Бұл бағытта өз үлесін қосып отырған нысанның бірі "Villa Ribo" және "Villa Bajo" тау курорттары.
Біркөлік ауылы Өгем көшесі 82 мекен-жайда орналасқан демалыс аймағында керемет, заманауи коттедждер орналасқан. Бір коттеджге 20 адам орналаса алады. Сондықтан мұнда достарыңызбен, туыстарыңызбен немесе жәй ғана отбасыңызбен келіп жайғасуыңызға болады. Бағалары да қолжетімді.
Коттедж ауласында:
- сауна
- бассейн
- тапшан
- барбекю алаңы (мангал, қазан-ошақ)бар.
Демалыс аймағында балаларды табиғатпен таныстыруға керемет мүмкіндік аласыз. таза ауада серуендеу бала мен ерекестердің же денсаулығын жақсартатыны анық.