Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
"Columbia Pictures" кинокомпаниясының логотипіне түскен суретші Дженни Джозефтің танымалдығы 1990 жылдардан кейін арта түсті. Осы компанияға қарапайым суретші болып келген ол, логотипке түсу арқылы модель қызметіне ауысқан екен. Кейін қолына факел ұстап тұрған Колумбия қызын бүкіл әлем таныды.
Бұл сурет 1992 жылы Жаңа Орлеан қаласындағы шағын бір пәтердің ішінде түсірілген. Осы жылы "Columbia Pictures" компаниясы өз тарихында үшінші рет логотипін өзгерткен болатын. Суретті түсіруге ұйымдастырушы Питер Габер төрт сағат уақытын жұмсаған екен.
2019 жылы бұл кинокомпанияның құрылғанына 100- жыл толды. Бір ғасырда "Columbia Pictures" -тың мыңдаған өнімдері әлемге таралды. Оның ішінде ең атақтылары деп "Джеймс Бонд" фильмінің барлық бөлімін айтса болады...
Айбол Қарашев