Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның инстаграм парақшасына анасы мен әпкесінің арасындағы кикілжіңді жеңе алай жүрген әйел көмек сұрап жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Өзім отбасылы әйелмін сізге анамның өтініші бойынша жазып отырмын", - деп бастады ол әңгімесін.
"Менің анамның екі қызы, 1 ұлы бар. Әпкемнің жасы 40-та. Бұрын тұрмыста болған. Қазір өзі базарда сауда жасайды, 10 жасар қызы бар. Қызы мамамның қолында, өйткені базар істеп қызын бір өзін қалдыра алмайды. Әпкеммен анам екеуінің арасында көп ұрыс-керіс болады. "Қызыңа көңіл бөлмейсің, үйге келгенде үй шаруасына көмек бермейсің, ішіп-жеген жеріңді жинамайсың, қалаған уақытыңда басакөктеп кіріп келесің" деген. Ол әпкемде жауап қайтарады "маған ештеңе керек емес, жинап алыңдар керек болса" деп.
Кейін ашуын қызынан алады жұлқылап. "Мен келгенде шәй дайындамайсың ба, киімдерімді жумайсың ба" дегендей... Анамыз араша түседі орталарына. Әпкем мен анам кейін бұрын болған жағдайларды еске түсіреді бір-біріне. Анам әпкемнің әкесімен айырылысып кеткен әпкем туылған жылдары. Ол әкесі анамды қызғанып қатты ұра берген. Кейін 10 жылдан соң менің әкеммен бас қосқан. Әпкемнің өмірінде ауыртпашылық көп болған. Тұрмыс құрды, анам қарсы болды. Өйткені әпкемнің сүйгені бұзақы болып сол кезде түрмеде жатқан. Кейін онымен ажырасып басқа қалаға барып жұмыс жасады. Ол да болмады. Кейін осы жақта жұмыс жасап жүргенде бұрынғы түрмедегі күйеуінің қарсыластары ма біреулер әпкемді соққылап басқаша қылып қойды. Содан әпкем псих больницаға жатты. Оны мамам барып жағдайын сұрап жүргенде, аяғы ауыр екенін біліп шығарып алды. Осы қызын туды, кейін өзіне келіп жақсы болып жүрген еді. 2 жыл бұрын тағы түсті сол псих больницаға түсті. Мама тағы шыгарып алды өтініш жазып. Енді әпкем осы болган жағдайлардын бәріне анамды кінәлайды",- деп жазды ол.