Анама көмектескенім үшін күйеуім үйден қуып шықты

Oinet.kz 07-11-2023 3142

Өткен жылы елордадағы белді оқу орындарының бірін үздік тәмамдаған едім. Қолыма дипломым тие салысымен төрт жылдан бері жүріп жүрген жігітім құда түсіп алып кетті. Өзгелер сияқты аста төк той жасамадық. Некеміз қиылғаннан кейін бірден жұмысқа тұрып, қалада екеуіміз ғана өмір сүре бастадық. Ал оның ата-анасы ауылда қалды.

Screenshot_6.jpg

Сүйгенім үш ұлдың кенжесі. Әрқайсысы өз еншісін алып кеткелі біраз болған. Ал мен бір үйдің жалғыз қызымын. Ата-анам алпыстан асқан егде жастағы жандар. Күйеуімнің ата-анасымен көрші тұрады. Ауылымыз елордадан алыс емес. Сол себепті жұбайыммен әр демалыс сайын ата-анамызға барып тұрамыз. Шынымды айтсам, ата-анам көрші үйде тұрса да олардың үйіне кіре алмаймын. Күйеуім мен енемнің жақтыртпай қарайтынын байқаймын.

Бірде күйеуім көрші ауылға кетіп, бір кісіге көмектесіп келетінін айтты. Үйде жалғыз қалған соң ата-анамның үйіне барып келуді шештім. Сағынышымды басып, анама үй шаруасымен көмектесуге кірісе кеттім. Бір сағат болар болмастан күйеуім телефон шалып: “5 минутта үйде болатын бол! Келмесең, ата-анаңның жанында өле қал” деді. Бұл сөздер жаныма қатты батты. Көзіме жас үйірілді. Бірақ ата-анама сыр білдіргім келмеді. Олармен жайдарлы күйде қоштасып, үйіме қайттым. Келсем, күйеуім анасымен бірге есіктің алдында тұр екен. Киімдерім салынған сөмкені далаға лақтырып, “Сөзімді құлағыма аспасаң, керегің жоқ” деді. Ол сөздерді ата-анам да, басқа көршілер де естіді. Бұл сәтте бәрінен бұрын ата-анамды аядым. Қыздарының бағы ашылмағаны олар үшін ауыр тиген шығар. Әйтеуір, еш үндеместен мені үйіне алып кетті. Сол түні қонып, ертесі бірден жалғыз қалаға жол тарттым. Қазір құрбымның үйінде тұрып жүрмін. Енді ауылға баратын бет жоқтай көрінеді. Күйеуім хабарласып, ата-анамнан да, менен де кешірім сұрап жүр. Бірақ оның мұндай ерсі әрекетін ешқашан ұмытпаймын. Кешіре алмайтын секілдімін.

Әкесі тастап кеткен қыздардың бәрінде осы тағдыр ма?
«Шайтан түртіп жүр мені» — әйелімнің көзіне шөп салдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу