Енем мен күйеуім бола тұра, қайынатамнан таяқ жедім

Oinet.kz 05-11-2023 1978

Менің де тағдырым алып қашқан қыздардың жайынан асып бара жатқан өзгешелігі жоқ. Сүймедім. Танымадым. Күйеуімнің болмысы - ынжық. Жұрттың ықылауынсыз өмір сүре алмайды. Өзі ештеңе ойланбайды. Өзіне не керек екенін ойланбайды да.

Screenshot_8.jpg

Мені жеңгелері мақтауымен жар қылды. Ол үшін біреу ойланып, біреу шешім қабылдағанға үйренген.

Мейлі, үйде бар мəселені атам шешеді. Атам ащы суға жақындығы бар. Ішіп алса, ешкімді танымайды. Аузына келгенді құсып, үйден қуалайды. Түн болсын, күн болсын бəрібір. Енем де қызық.  Ол кісіге атамның мінезі үйреншікті болып кеткен. Өткен ақпан айындағы атамның əрекетінен соң үйден кетіп қалдым. Ішіп келіп, итке тамақ бермейсің деп, мені таяққа жықты. Енем арашаламады. Күйеуім де əкесіне қарсы шықпады.

Күйеуің ынжық болса, көрінгеннен қорлық көреді екенсің. Қайта үйге бару да оңай емес. Əкемді жерге қаратқым келмейді. Сол үшін күйеуіме бөлек шығуды ұсындым. Ол бөлек өмір сүруді  ойланбайды. Күйеуім - момын жігіт. Арақ-шарапқа қызықпайды. Малсақ. Момынды жылатқым келмейді. Енді сол күйеуімнің жауабын тосудамын.

Күйеуіммен ұрсысып көрмеппіз. Ажырасып кетуге қимаймын. Ал ене мен күйеу тұрып, атаңнан таяқ жеу қатты жаныма батты. Ол үйге барғым келмейді. Қиналып жүрмін. Жеңгемнің де ұл-қыздары бар. «Шыққан қыз шиден тысқары»деп жеңгемнің мен барғалы қабағы ашылмады. Қайда барамын?

Рулас жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың оқиғасы
Әкемді анамның туған келіні тартып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу