Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен 18 ге толған кезде әкем туған әкем емес екенін білдім. Апам екеуі мен 2 жаста болғанда танысып үйленіпті. Ал туған әкем анамды жүкті кезінде тастап кеткен. Ата-анам мені бойжетті деп бар шындықты айтып беруге шешім қабылдапты.
Біреуден естігенше, өз аузымыздан білсін деп. Егер туған әкемді іздеймін десем де қарсы емеспіз, ол сенің құқың деді. Мен қатты таң қалдым. Аузыма сөз түспей қалды. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай ойланып шықтым. Басыма түрлі ойлар келді: менің туған әкем қандай екен? Ал егер ол өткен өмірінде қалдырған баласы жайлы ойлап, өкініп жүрген болса ше? Мен оны тауып алсам, қуанар ма екен? Қуанбаса қайтем? Көзімнен жасым тоқтамай, неге осының бәрі менің өмірімде болып жатыр, бәрі жақсы еді ғой деп қатты жыладым.
Сосын...сосын келесі жайлар есіме түсе бастады. Өгей әкем менімен бірге түні бойы отырып, таңертең мектепке апаратын қолөнер бұйымын жасап бергені, апама көрсетпей қараңғы ас бөлмеде тығылып кәмпит жейтін кездеріміз, досының үйінде көмектесіп жүргенде мен қызып тұрған ыстық темірді ұстағалы жатқанда әкем жүгіріп келіп жалаңаш қолымен ұстап алғаны есіме түсті. Қолы қатты күйіп қалып еді. Есесіне мен дін аманмын. Менің әр туған күнімде кішкентай болса да, әдемі гүл шоқтарын сыйлайтын. Таңертең ерте төсегіме қойып кетуші еді, ерте жұмысқа кетерінде таңғы 6 да гүл дүкеніне барып келеді екен. Дайын түшпара мен жұмыртқа пісіруді ғана білетін әкем мен жақсы көретін тортымды жасап үйреніп алған болатын, басында 1-2 рет өте пісіргені нашар болса да, ол тырысып жүріп шебер пісіретін болды....
Таңертең асүйге кірсем, өгей әкем кофе ішіп отыр екен, кесе ұстап отырған қолындағы тыртыққа көзім түсіп кетті. Жүгіріп барып құшақтап сүйіп алдым да, менде сенен басқа әке жоқ, болмайды да дедім. Жоқ, бұл жаңалық менің өмірімде із қалдырмай кетпеді. Осының нәтижесінде мен әке-шешемді қаншалықты қатты жақсы көретінімді, олар да мені жақсы көретінін, ата-анамыздан асқан мейірімді жандар болмайтынын түсіндіріп өткен жаңалық болды....
© Тоғжан Қаһарбек