Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кішкентайымда басымнан өткен оқиғамен бөліскім келіп отыр. Жанұямызда төрт баламыз. Екі ағам және інім бар. Жалғыз қызбын. Кішкентайымызда бірге ойнадық. Кәдімгі бала болдық. Тек бір жайттарды есіме алсам, денем түршігеді.
Әкем қайтқан соң, анам мен үлкен ағам (менен 12 жас үлкен) Астанаға тауар әкелуге барып тұратын. Сонда түнде мен ұйықтап жатқанда әлгі аға сымақ қасыма жатып алып әурет жерлерімді ұстап жатқанда оянып кетем. Шамдарды тас қараңғы ғып сөндіріп қояды. Мен оянып кеткенімді білдіріп, есінеп дыбыс шығарам. Бірақ білмеген кейіп танытам. Көрші бөлмеде жеңгем ұйықтап жатады. Көрпені астыма басып алып, таңға дейін көз ілмей шығам. Тұрып соған бару деген жоқ, ешкімге білдірмей жүре бердім. Осылай бірнеше рет қайталанды. Күндіз дым болмағандай кейіп танытып жүрдік. 5-сыныпта оқып жүрдім. Ол 9 оқиды. Қыс мезгілі. Сабақтан қайтып келе жаттым. Орта жолда ағам алдымнан шығып, бір ауыр затты үйге әкелісуге көмек беруімді өтінді. Әлгі затты жасырып қойғанын айтып, ескі моншаға ертіп алып келді. Қараңғы бөлмеде погреб бар, мен түсіп астынан алып берем, сен жоғарыдан көтеріп ал деді. Сөйтсем жерге көрпеше төсеп дайындап қойған екен. Сол жерде бас салып тиісе бастады. Жылап өтінгеніме қарамады.
Бар күшімді салып қарсыластым. Әлім келмеді. Қорқытты. Сондай жиіркенішті. Бірақ шешіндіре алмады. Сол жерде мені өлтіріп кететін шығар дедім. Қорықты ма білмеймін. Әйтеуір жіберді. Көздерім жылағаннан күп боп ісіп кеткен. Үйге жеткенше көзіме қар басып бардым. Анам көргенде неге жылағансың ба деді. Жоқ, жай қар басып ойнағам деп жасырдым. Қазбалап ештеңе сұраған жоқ. Анам өте жақсы адам, баласы ондайға барады деп ойламаса керек. Солай өміріміз жалғаса берді. Кейін сол ағам жасы 19-ға келгенде қалаға келіп, кішкентай 5 жасар қызды зорлап 12-жылға сотталып кетті. Қазір тұрмыстамын. Бірақ өткеннің ізі қалады екен. Жолдасым жақындап, тіпті балаларым сипап, жақсы көрсе денем түршігеді. Бірақ шыдаймын кейде білдірмей. Аналар, әпкелер, қыздарыңызды ешқашан ер баланың қасына жалғыз жібермеңіздер. Абай болыңыздар. Қазір ағам бостандықта. Жек көрем оны!!