Мінезі шатақ қызға үйленудің пайдасы

Oinet.kz 05-09-2022 2485

Әлемнің ең білгір психолог мамандары ер адамның бір орында тоқтап қалмай, үнемі жетістіктерге жетіп отыруы үшін мінезі шатақ қызға үйленуі керек деген тұжырым жасап жатады.

Screenshot_34.jpg

Бірақ бұл тұжырымның үнемі жолы бола бермейді. Десек де мінезі қиындау әйелді жар етіп алған жігіттердің көп бөлігі ез болудан аман қалады. 

Әрине, ер адамдардың көбі өз әйелінің себепсіз миын ашытып, кез келген ісіне араласып, болмайтын жерден ұрыс іздеп талап етуге құмар болмағанын қалайды-ақ. Олар сонда ғана өздерін жайлы сезінетіні де рас. Отбасында ер адамның айтқаны болуы керек деген заңдылыққа жоғарыдағы тұжырым кейде қарсы келіп жатады. Сонда да біз мінезі шатақ қыздардың отбасында қандай әйел болатындығын бөліскіміз келеді. 

Мұндай қыздар ер адамның өзін өте құрметтегенін қалайды. Құрметтете де алады. Әйткенмен белгілі бір дәрежеде ерін де құрметтей алады. Тек ол осы құрметке лайық болса ғана! 

Мұндай қыздар өзінің саяси пікірін жоғары бағалайды. Ол ерінің пікіріне үнемі қосыла бермейді. Оның қателескен тұстарын айтып отырудан жалықпайды. Өйткені мұндай қыздар көбіне шындықты бетке айтқанды жақсы көреді. Және осы мінезіне өзі мәз болады. 

Мұндай қыздар ерінің талантының өшіп қалуына жол бермейді. Сіз қандай іске әуес болсаңыз, сол істе өзіңізді сынап көруіңізге көп күш салады. 

Мұндай қыздар өздеріне қатты сенеді. Олар қолына алған істі ер адамның көмегінсіз-ақ аяғына жеткізе алатын күшке ие. 

Мұндай қыздар ерінің еңсесі түсе бастаған кезде рухани күш бере алады. Олар еріне сенетінін айтып, өзін тағы бір сынап көруін өтінеді. 

Мұндай қыздар күйеуінің ешқандай да ер азаматтан кем емес екендігін іштей білсе де, оны жиі-жиі айта бермейді. 

Мұндай қыздар отбасылық бюджетке мұқияттылықпен қарайды. Отбасылық табысқа құрметпен қарап, кіріс пен шығысқа қатты мән береді. 

Мұндай қыздар отбасылық құпияға сақ болады және отбасының тыныштығын қалайды. 

Ер адамның бәрі дерлік қой аузынан шөп алмайтын аруларды ұнатады деп айтсақ, қатты қателесер едік. Өйткені олар мінезге қатты мән береді. Кейбір жігіттерге шын мәнінде жоғарыдағы талаптарға сәйкес келетін қыздардың ұнайтыны да рас қой?

Атамдай боп келетін жанға жар болдым, амал нешік...
«Еркектік парызын да өтей алмайды»: Жас келіншектің аянышты тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу