Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгісіз бір жігіт бейтаныс қызды ермек қылу мақсатында оның парақшасына:
— Сəлем! Таныссақ болама?- деп жазды. Қыз:
— Əуелі менің кім екенімді біліңіз,- деді. Жігіт:
— Олай болса өзіңізді таныстырыңыз?
Қыз сыпайылықпен былай деп жазды:
— Сіз азап бермеуіңіз үшін жəне сіздің бір бөлшегіңізден болғанымды ұмытпауыңыз үшін сіздің қабырғаңыздан жаралған Хауамын...
— Мен жанұяңызды сақтаушы əрі гүлдендіруші анаңызбын... қарындасыңызбын... қызыңызбын... жұбайыңызбын...
— Мен жəннат аяғының астында тұрған Анамын.
— Мен туралы Раббымыз сізге "Əйеліңізге жақсы қарым-қатынаста болыңыз" деген.
— Мен сондай жанмын, егер салихалы əйел болсам салих болмаған мың еркектен абзалмын...
— Мен сондай жанмын, бір күні сізге ұқсаған бір ер кісінің некелі жары...
— Мен сондай жанмын, атам, əкем, ағам, інім, нағашым, бабаларымның намысын желкемде көтеріп жүрген қамал...
— Мен сондай жанмын, ар-намыс деп аталатын гауһарды жалғыз иесіне жету үшін көз қарашығындай сақтап жүрген бахыл... Егер мені жай ғана ермек етпекші болсаңыз біліңіз, сіздің қарындасым деп білетін қарындасыңызбын... Енді өзіңізді таныстырыңыз, ей құрметті кісім!
Жігіт қысқа ғана жауап берді:
— Мен жай ғана қыздарды ермек етуші көздері көр, шайтанға ерген күнəһар пендемін...
Сізді тəрбиелеген Анаңызға мың алғыс!!!
Қазақ қыздарымыз өз ар-намыс, ибалылығын əрдайым осылай сақтасын!..