Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қыз болған соң тұрмыс құрып, ана болуды армандамайтыны жоқ-ау. Мен тағы қызы жиырма бестен асқан соң жақтырмай қарайтын отбасының қызымын. Жоғарғы білімім бар. Қазір, жұмысыма байланысты Жетісайда тұрамын.
Асыра айтқаным емес, көркім ешкімнен кем емес, қазақтың ерке қызымын. Десе де, бір жағдайға байланысты маған ешкім сөз салмайды. Қыста танысқан жігітім көктемде жоқ болып кетеді. Себебі мынау, мен төрт жасымда анам шелпек пісірген қазанға түсіп кеткенмін. Содан аяқтан саныма дейін күйіп қалған.
Күйген жерлер буылтық-буылтық болып, адамның көзіне жаман көрінеді жəне жүріп-тұруыма да қиындық келтіреді. Үйдегі үшінші перзентпін. Ағаларым мен інілерім үйленіп қойды. Жалғыз мен қалдым. Жап-жақсы араласып жүрген жігіттер жазда аяғымның күйгенін көргеннен кейін араласпай кетеді. Не істеймін? Жеңге мен келіннің шымшыма сөзіне тойдым. Құрбыларым да кездесе қалсақ, бір түрлі жігіттермен таныстырады. Əйелі қайтқан еркекке күйеуге шыққым келмейді. Сол үшін құрбыларымен де кездесуді азайттым. Бұрынғы уақытта қыздың жеңгелері ортаға дәнекер болады екен. Жеңгеммен сырласпақ түгілі жөнді сөйлеспейміз де. Қайтсем, бағым ашылар екен?